- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігерлер көктемде назардан...
Дәрігерлер көктемде назардан тыс қалдырмай, жеу керек 3 майлы тағамды атады
Көктем - гиповитаминоз кезеңі, сондықтан бұл мезгілде майға бай тағамдарды тұтыну өте маңызды. Дәрігерлер көктемде назардан тыс қалдырмай, жеу керек 3 майлы тағамды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Здороввое-питание.рф" сілтеме жасап.
Ең алдымен, жануарлардан алынатын етті міндетті түрде аптасына 3-4 рет тұтыну керек. Еттің кез келген түрі май, ақуыз және экстрактивті заттар береді.
Сонымен қатар, ет құрамындағы ең маңызды элемент - мырыш. Оның құрамы адам ағзасында тамырларға пайдалы. Микроэлементті сиыр мен шошқа етінен алуға болады.
Екінші маңызды өнім - майлар, әсіресе зығыр, қарасора және зәйтүн. Жазға дейін бірнеше келі артық салмақ тастаймын деген кейбір адамдар осы өнімдерді тұтынудан бас тартып жатады. Алайда, бұл дұрыс емес, өйткені майлардың құрамында көптеген пайдалы зат бар.
Жұмыртқа да осындай қасиетке ие. Оларды міндетті түрде диетаға қосып, күніне кемінде 2 рет тұтыну керек.
Айта кетейік, бұған дейін ағзаны көктемге қалай дайындау керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыщдар: 8 наурызға арналған қысқа құттықтаулар
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә