- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігерлер кофеден бас...
Дәрігерлер кофеден бас тартқанда ағзада қандай өзгеріс болатынын айтты
Диетологтар Тэмми Лакатос Сэмс пен Лисси Лакатос адам бір ай бойы кофе ішпесе, ағзада қандай өзгеріс болатынын айтты, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.
Ұйқыңыз тыныш болады
Кофе ми мен жүйке жүйесінің жұмысын тездетеді, сондықтан ол қуат береді. Алайда егер сіз оны ұйықтар алдында, 6 сағат бұрын ішсеңіз, ұйқысыздыққа тап болуыңыз немесе келесі күні таңертең шаршап оянуыңыз мүмкін. Кофеден толық бас тартқаннан бір айдан кейін ұйқыңыз тыныш болады.
Тіс дәрігеріне сирек баратын боласыз
Кофе ішетіндердің тіс эмалі уақыт өте келе қараятынын байқадыңыз ба? Дәрігерлердің айтуынша, бұл сусын тістеріңізге эстетикалық жағынан ғана зиян келтірмейді. Кофеин ауызды құрғақ етеді. Ал аузыңыз құрғақ болған сайын кариеске тап болуыңыз мүмкін.
Теріңізде әжім баяу пайда болады
Кофеде шынымен антиоксидант көп, ол денені бос радикалдардың әсерінен және ерте қартаюдан қорғайды. Дегенмен кофе дәндерінің тағы бір жағымсыз қасиеті бар: кофеин сұлулық пен жастықтың негізгі ақуызы - коллаген жылдамдығын төмендетеді. Кофеден бас тартсаңыз, теріңіздің тонусын сақтауға және оны әжімдерден қорғайсыз.
Қысым қалыпты болады
Кофе қан қысымын көтеретіні - бұл факт. Дәрігерлердің айтуынша, кофеинде адреналин бар, ал ол қан қысымын жоғарылатады деген болжам бар. Басқа дәрігерлер кофеин қан тамырларын кеңейтетін гормон синтезін блоктайды деп санайды.
Артық салмақтан арыласыз
Қоспасыз кәдімгі кофеде калория жоқ. Ал егер сіз оған кілегей, сироп және қант қоссаңыз, онда сусынның калория мөлшері түскі астың калориясына тең болуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек