- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігерлер қауынның күтпеген...
Дәрігерлер қауынның күтпеген пайдалы қасиеті туралы айтты
Кардиолог Герман Гандельман және офтальмолог Михаил Коновалов қауын жеу инсульт пен асқазан қатерлі ісігінің даму қаупін азайтатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жить здоровоға!" сілтеме жасап.
Кардиолог 100 грамм қауынның құрамында С дәруменінің тәуліктік мөлшерінің 60 пайызы бар екенін айтты.
"С дәрумені қан тамырларының серпімділігі үшін өте маңызды. Ал оның жетіспеушілігі - инсульт", - деп түсіндірді дәрігер.
Офтальмолог өз кезегінде 100 грамм қауынның құрамында табиғи қатерлі ісікке қарсы агент болып табылатын А дәруменінің күнделікті мөлшерінің шамамен 60 пайызы бар екенін атап өтті.
"Зерттеулер А дәруменіне бай тағамдарды тұтынатын адамдарда асқазан қатерлі ісігінің даму мүмкіндігі төмен екенін көрсетті", - деп қосты Гандельман.
Сондай-ақ, аз су ішу әдеті онкологиялық аурудың дамуына әкеп соқтыруы мүмкін.
"Егер сіз су ішпесеңіз, сізде қуық қатерлі ісігінің қаупі жоғары", - деп атап өтті маман.
Герман Гандельман қыста күніне кемінде екі литр су, ал жазда үш литр су тұтыну керек деп қосты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә