Гастроэнтеролог, Гепатолог Сергей Вялов өзінің телеграм арнасында қатерлі ісіктің негізгі "тежегіші" болып табылатын өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Tengri Life-қа сілтеме жасап.
Дәрігер ағзадағы әрбір жасушаның алдын ала өлшенген "өмір мөлшері" бар екенін түсіндірді. Әр жыл сайын бұл мөлшер азайып, адамдардың да өмірі қысқара бастайды.
Маманның айтуынша, қолдан жасалған жасушалық өлімнің алдына алатын өнімді р53 ақуызы деп атайды.
"Адамның қатерлі ісікке шалдығуы мен жасушадағы генетикалық материал зақымданған кезде, P53 ақуыздары жасушаның бөлінуін тоқтатады. Бұл механизм геномның тұрақтылығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар онкологияның пайда болуына жол бермейді", - деді Сергей Вялов.
Сондай-ақ гастроэнтеролог қалыпты тамақтану кезінде ақуыздың жеткілікті мөлшерде ақзаға сіңіру маңызды екенін атап өтті.
Медицина ғылымдарының докторы, эндокринолог Зухра Павлова ақуыз әр тағамда болуы керек деп санайды.
"Ақуыздың жетіспеушілігіне байланысты, мысалы, салмақ жоғалтқысы келетіндердің көпшілігінде салмақ төмендеуі тоқтайды. Дененің қалыпты жұмыс істеуі және салмақ жоғалту процесін бастау үшін әр тағамға бір ақуыз өнімін қосу маңызды", - дейді ол.
Дәрігердің мәзірі бойынша таңғы ас екі жұмыртқадан тұруы керек. Ең дұрысы қайнатылған жұмыртқа. Сэндвичпен қосып ішетін сүзбе немесе майсыз ірімшік сорттары да ақзаға оң пайдасын тигізеді.
"Түскі ас: қуырылып дайындалмаған қызыл ет, құс еті, балықтан тұруы керек. Мысалы ет (борщ, қырыққабат сорпасы) немесе көкөніс қосылған сорпа. Екіншіден, көкөністер немесе жарма түріндегі гарнирі бар ет (құс немесе балық). Кешкі асқа - балық (тунец немесе теңіз өнімдері) қосылған көкөніс салаты", - деп кеңес берді дәрігер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!