Ресейлік дәрігерлер қант диабетінің көпшілік білмейтін алғашқы белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлер жиі зәр шығару және тәулігіне зәр мөлшерінің көбеюі, тұрақты шөлдеу сезімін және ауыздың жиі құрғауы сынды жағдайларды қант диабетінің алғашқы белгілері деп атады. Бұл белгілердің адамдар арасында көп еленбейтіні де айтылды.
Сондай-ақ қант диабетінің дамуы ұзаққа созылған қабыну процестерімен, түсініксіз салмақ жоғалтумен, көру қабілетінің нашарлауымен, шаршау мен әлсіздіктің жоғарылауымен байқалады дейді дәрігерлер. Кейбір жағдайларда ауру дамыған сайын адамның тәбеті арта бередтіні айтылды
Егер бойыңызда бұл белгілер байқалған болса, дәрігерлер мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгінуге шақырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!