Коронавирус пен дұрыс емес өмір сүру қант диабеті мен инсулинрезистенттіктің дамуына әсер етеді. Бұл туралы дәрігер Томас Йейтс, Кэтлин Уайн және Роберт Шмерлинг айтты. Мамандар аурудың дамуына әсер ететін негізгі себептер туралы Eat This, Not That! басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, коронавируспен ауырған адамдарда бір жыл барысында қант диабетінің дамуы 40 пайызға көтерілгені анықталған. Медицина ғылымдарының докторы Кэтлин Уайн бүгінде коронавирус пен диабеттің нақты байланысын не диабет пайда болып, вирус тек оның дамуын үдеткенін немесе үдетпегенін ғалымдар әлі дәлелдемеген.
Физиотерапевт дәрігер Томас Йейтс инсулинрезистенттік пен диабет алды жағдайға салауатты өмір салтын ұстанбау әсер ететінін мәлімдеді. Көп қозғалмайтын әйелдерде ауру пада болу қаупі жоғары. Бірақ, маманның сөзінше, күніне жарты сағат қана жаттығу жасап, қалған уақытта бос отыру аурудың алдын алмайды.
Диабеттің пайда болуының тағы бір себебі - дұрыс тамақтанбау. Дәрігер Роберт Шмерлинг тұрақты диета ұстауды ұсынды. Оның ішінде, жеміс-жидек, жаңғақ, көкөніс, дәнді дақылдар жеу қажет. Одан бөлек, күнделікті қолданатын қант пен тазартылған көмірсу мөлшерін бақылауда ұстау қажет.