Айтыс жүргізушісі, ақын Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана өкілдері Жүрсін Ерманның денсаулығы толық бақылауда екенін айтады. Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем шаралары жасалып жатыр.
Еске салайық, 29 қазанда Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Бұл туралы айтыскер ақын, жыршы-термеші Дидар Қами Instagram-парақшасында айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!