- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- дәрігерлер туралы
Дәрігерлер жүрегі 10 минут соқпай қалған ер адамды құтқарды
Шымкенттік дәрігерлер жүрегі 10 минут соқпай қалған науқасты құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
40 жастағы ер адам № 2 қалалық ауруханаға гиповолемиялық шок және бүйрек жеткіліксіздігі диагнозымен өте ауыр жағдайда түскен.
"Ер адамның жүрегі 10 минутқа тоқтап, дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Жедел іс-шаралардан кейін дәрігерлер жүрек соғысын қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосты", - деп жазылған ақпаратта.
Ер адам жағдайы жақсарғанға дейін бес күн нефрологиялық бөлімде болды.
"Дәрігерлердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында науқастың жағдайы жақсарып, қажет емнен кейін үйіне шығарылды", - деді реаниматолог Жасұр Мұхитдинұлы.
Еске салайық, бұған дейін дәрігерлер алматылық тұрғынды аман алып қалғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова