- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігерлер газдалған сусындарды...
Дәрігерлер газдалған сусындарды күнделікті ішкен қыздың бүйрегінен 300 тас алды
Тайваньда әйелдің бүйрегінен 300-ден астам тас алынды. Науқастың айтуынша, ол судың орнына үнемі газдалған сусын мен қант қосылған тәтті шай ішкен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Taiwan News-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Сяо Ю есімді әйел ауруханаға дене қызуы жоғарылап, белі ауырып түскен. Дәрігерлер науқасты тексергеннен кейін оны рентгенге түсіріп, бүйрегінде жүзге жуық ұсақ тас бар екенін анықтаған.
Сяо Ю дәрігерлерге су ішкенді ұнатпайтынын және тек газдалған сусын мен қант қосылған тәтті шай ішетінін айтқан.
Сарапшылар мүлде су ішпеу ағзаның созылмалы сусыздануы және минералдардың жиналуына әкеп соқтырғанын мәлімдеді. Әйелге шұғыл ота жасалынып, дәрігерлер оның бүйрегінен 5 мм-ден 2 см-ге дейінгі 300-ге жуық тас алған. Мамандар сөзінше, тастар "кішкентай буға пісірілген тоқаштарға" ұқсайды.
Айта кетейік, бұған дейін бүйрекке жиналған тасты қалай емдеуге болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә