Дәрігерлер ота арқылы отставкадағы сержант Канистус Кунгадан ең ұзын және ауыр тасты алды. Мұндай жағдай бұрын-соңды медицина тарихында болмаған. Ота тіпті Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Бүйректе тас болса:
© tiraspol-news.ru
Бұл белгілер әдетте тастар зәр шығару жолдарының өткізгіштігіне кедергі келтіріп, бүйрек коликін қоздырғанда пайда болатынын есте ұстаған жөн. Көбінесе уролития жылдар бойы ешқандай белгілерді көрсетпейді.
© tiraspol-news.ru
Ең ауыр тасты алып тастау операциясы Коломбодағы әскери госпитальда жасалғаны хабарланды. Тастың ұзындығы – 13,372 см, салмағы – 801 г.
Бұған дейінгі рекордтар Үндістан мен Пәкістанда орнатылған. Сонымен, бүйректегі ең ұзын тас соңғы рет 2004 жылы табылды, оның ұзындығы – 13 см. Ең ауыры 2008 жылы алынған, салмағы – 620 г.