- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігерлер дельтаплан апатынан...
Дәрігерлер дельтаплан апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты
Дәрігерлер Алакөлде дельтапланнан құлап, зардап шеккен әйел мен ер адамның қазіргі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олар жедел жәрдем көлігімен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.
"Жәбірленушілердің жағдайы ауыр болды, олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.
Олар қазір шокқа қарсы терапиядан, сонымен қатар толық клиникалық-диагностикалық тексерулерден өтіп жатыр. Талдықорғаннан емдеу мекемесіне екі маман – нейрохирург пен травматолог жіберілді.
"Ауруханада науқастарды емдеуге қажетті барлық дәрі бар. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады басқарма.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі 25 шілдеде Алакөл көлінде дельтаплан құлағанын хабарлады. Ведомство өкілдері ұшақпен бірге суға құлаған екі адамды аман алып қалды. Кейін Азаматтық авиация комитеті оқиғаның егжей-тегжейін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан