Ирландияда дәрігерлер 66 жастағы науқастың асқазаны мен тоқ ішектерінен 55 батарея алып тастады, - деп хабарлайды тілшісі HuffPost басылымы.
Басылым мәліметінше, Дублин тұрғыны іш ісініп, ауырғаннан кейін Әулие Винсент ауруханасына барған. Дәрігерлер УДЗ жасап, оның асқазаны мен тоқ ішектерінде бөгде заттар барын анықтаған.
Дәрігерлер бөтен заттар ағзадан табиғи жолмен шығады деп күткен. Бірақ бір аптадан кейін денеден бес батарея ғана шығып, науқастың іш ауыруы күшейген. Содан кейін әйелге ота жасап, одан тағы 50 АА батареясын алып шыққан.
Науқас қазір дәрігерлердің бақылауында. Әйелдің ішінде қанша батарея болғаны, оны неліктен жұтқаны нақты айтылмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!