- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігерлер Алматыда әжетханадан...
Дәрігерлер Алматыда әжетханадан табылған сәбидің жағдайын айтты
Алматыда полиция қызметкерлері аман алып қалған шақалақтың жағдайымен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция қызметкерлері Нұржан Шатунов пен Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты.
Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр.
"Әріптестерімізбен бірге сәбиді "Батыр" деп атап кеттік, оның өмірі үшін үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рақмет. Балақай қазір жансақтау бөлімінде жатыр, оған қажетті заттарды алып келдік. Сәбиге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз", - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Нұржан Шатунов.
Еске салайық, 25 тамызда Алматыда полицейлер дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова