Дәрігерлер Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Дәрігерлер Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты
Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Дәрігерлер Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазір Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Олардың жағдайын облыстық көпсалалы аурухананың дәрігерлері айтты.

Дәрігерлердің айтуынша, Ақтау маңында ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Төрт науқас жансақтау бөлімінде жатыр: біреуінің жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.

Зардап шеккен екі адам травматология бөлімінде емделіп жатыр.

"Облыстық көпсалалы ауруханада емделіп жатқан алты науқастың үшеуі Әзербайжан, үшеуі Қырғызстан азаматы. Науқастар толық көлемде қажетті ем-дом алып жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Кейінірек Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ жанып жатқан.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Ал әлеуметтік желіде оқиға орнынан видеолар тарады.

Кейінірек ТЖМ оқиға орнындағы өрт сөндірілгенін хабарлады. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты болған жерге барды. 

Көлік министрлігі ұшақ бортында болған адамдар жөнінде алдын ала мынадай ақпарат жариялады: бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұшақ апатына қатысты комиссия құрылды. Комиссия құрамына премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.

Көліктегі Полиция департаменті төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының алдын ала мәліметі бойынша 4 адам қаза тапқаны расталған.

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалғандардың видеосы тарады.

Ал Azerbaijan Airlines жолаушылардың тізімін жариялады.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің сағат 15:55-тегі мәліметі бойынша аман қалған 29 адам бар, оның ішінде 2-еуі - бала, олар ауруханаға жеткізілді.

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасап, оқиға орнына елдің Бас көлік прокуроры барғанын хабарлады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ерекше бақылауында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтып, мемлекеттік комиссия тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына көмек көрсететінін мәлімдеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек