Дәрігерлер ақ нанның денсаулыққа зиян тұстарын атады

Дәрігерлер ақ нанның денсаулыққа зиян тұстарын атады
Фото: Коллаж: depositphotos.com

Семіздік, қант диабеті және асқазан-ішек жолдары (АІЖ) аурулары бар адамдар ақ наннан бас тартуы керек. Бұл туралы Люберцы облыстық ауруханасының гастроэнтерологы Светлана Ильяшенко мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Риа Новостиге сілтеп. 

Дәрігер қант диабеті бар жандар үшін ақ нанның құрамындағы құрылымдық заттар кері әсерін беретінін алға тартты.

"Ақ нанның құрамында көмірсулар бар және онда жеткілікті жоғары гликемиялық индекс бар, сондықтан қант диабеті және семіздікпен ауыратын адамдар оларды тұтынуды шектеуі керек", - деді маман. 

Оның айтуынша, ақ нан іш қатуға бейім адамдарға да зиян. Глютенге кері реакциясы бар адамдар да ақ наннан бас тартуы керек. Өйткені оның құрамында осы заттың көп мөлшері бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Литпин