Дәрігерлер 5 жастағы баланың асқасынан ойыншық алып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.
Оқиға Ресейдегі Мәскеу қаласында болған.
Бала үйде ойнап жүріп, кішкентай ойыншықты байқамай жұтып қойған.
Ата-анасы дереу дәрігерлерге жүгінген. Мәскеу облыстық Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше Л. М. Рошаль атындағы Балалар орталығының мамандары баланың асқазанынан ойыншықты анықтап, арнайы құралдың көмегімен бар болғаны 10 минутта алып шыққан.
Абырой болғанда, ойыншық баланың асқазаны мен ішкі органдарына зақым келтірмеген.
Дәрігерлер ата-аналарды кішкентай балалардың мұндай жағдайы жиі кездесетінін айтып ескертті. Егер бала бірнәрсе жұтып қойса, ол әдетте мазасызданып, құсқысы келеді, сілекейі көп бөлінеді, тамақ ішкісі келмейді. Мұндайда уақыт өткізбей, дереу дәрігерге жүгіну керек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек