Белгілі әнші Балжан Бидаш Ыстамбұлда ота жасатты. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ол құлағына не болғанын түсіндіріп берді.
"Бір күні құлағым қатты ауырды. Дәрігер "тезірек бірдеме жасаңыз" деп жылап бардым. Құлағымның пердесі (барабанная перепонка) бұрын жарылып кеткен екен. Оны білмей уақыт өткізіп жүріп, оның үстіне, құлағыма су кіргізе бергенмін. Мұндай жағдайда су тигізуге болмайды. Менікі сол суға түсіп шыққан соң қатты ауырып, белгі берді. Сол ауырғаны әлі есімнен кетпейді. Дәрігер отамен құлақ пердесін бітеу керегін айтты. Уақыт өте келе есту қабілетім де төмендеп кетті. Құлақтың пердесі тесік болса, оны бітетпесеңіз, ішіне шаң-тозаң, инфекция кіріп, миға баруы мүмкін! Уақыт өте құлағыңыз естімей қалуы мүмкін", - дейді әнші.
Әншінің мұрнына байланысты да проблема болыпты. Сөйтіп, Ыстамбұлдың дәрігерлеріне қаралыпты.
"Аллергозолсыз өмір сүре алмай кеттім. Аллергияның белгісі болмаса да мұрным бітеліп, жанымда 24 сағат жүретін спрей құтқаратын. Түнде демала алмай шошып оянып, спрей жоқ болса түн ортасында дәріханаға баруға тура келетін. Спрейді сеуіп, сеуіп, мұрным қызып кететін. Таныс жағдай ма? Дәрігердің айтқаны "сенікі спрейге тәуелділік, 3 күн қиналсаң да спрей сеппей жүрсең, әрі қарай басылып, спрей шашуды ұмытасың" деді. Шыдадым. 3 күн спрейсіз 3 айға барды. Иә, басылды, қойды. Бірақ қайта басталды. Неше түрлі емдерді көрдім. Болмады. Ыстамбұлға келіп қаралғанда, "ішіне ет өскен, лазермен кішірейту керек, сол кезде спрейді ұмытасыз" деді. ...Денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Қазір құлағымның естуі жақсарды, мұрныммен терең демалатын болдым", - деді Балжан Бидаш.