Диетолог Антон Бердов Доктор Питер порталына ыстықта ішуге болмайтын бес сусынды атады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Дәрігер аптапта суық судан бас тартуға кеңес берді. Оның айтуынша, температураның күрт төмендеуі негізгі органдардың салқындауына, таңдайдың, мұрын-жұтқыншақтың және бадамша бездердің қабынуына әкеледі.
"Ыстық күні салқын сусын ішу иммунитет тапшылығына, жазғы суық тию және тамақ ауруына алып келеді. Дене мен сұйықтық арасындағы температура айырмашылығы 30 градусқа жетуі мүмкін", - деді Бердов.
Сондай-ақ, ыстықта кофе мен қара шайды көп ішуге болмайды. Бұл екі сусынның құрамында кофеин бар екені белгілі. Ол сусыздандыруға әкеледі және антидиуретикалық гормонға әсер етеді. Салдарынан бас ауруына ұшырау мүмкін.
Сонымен қатар, аптапта шырын мен газдалған тәтті сок ішуге де болмайды. Себебі, бұл сусындар уақытша қуат беріп, ұйқының бұзылып, тәбеттің төмендеуіне әкеледі.
"Бұл қан қысымына, ұйқы безінің жұмысының бұзылуына, артық майдың жиналуына, қант диабеті, қатерлі ісік ауруларының даму қаупі бар", - деп ескертті Бердов.