- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер ұйықтар алдында...
Дәрігер ұйықтар алдында қарынның ашуы қандай аурудың белгісі екенін айтты
Егер сіз түн ортасында оянсаңыз және қарныңыз ашып жатса, бұл туралы ойланыңыз. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай әдет кез келген жағдайда қалыпты емес.
Эндокринолог Алексей Житоның айтуынша, адамның түнде тамаққа тәбетінің ашылуына түрлі себеп болуы мүмкін: стресс, дұрыс тамақтанбау немесе күнделікті режим. Дегенмен, жиі мұндай әдет өсу гормонының жұмысындағы бұзылулармен байланысты болуы мүмкін. Және бұл эндокринологтың қабылдауына барудың себебі.
Алексей Жито айтқандай, соматотропты гормон (СТГ) немесе өсу гормоны ең маңызды өмірлік функцияларды реттеуге жауап береді - бүкіл эндокриндік жүйені басқару. Атап айтқанда, бұл гормон:
• метаболикалық процестерге, май қышқылдарының алмасуына әсер етеді;
• сүйек тінінің беріктігін қамтамасыз етеді;
• бұлшықеттердің күйін бақылайды.
"Ұйқы кезінде өсу гормоны денеде жинақталған майдың ыдырауына ықпал етіп, оны энергияға айналдырады. Бірдеңе дұрыс болмаса, түн ортасында аштықтан оянамыз. Егер гормон майларды ыдыратпаса және сіз түнде қарныңыз ашса, артық салмақ пайда болады, содан кейін бірқатар басқа ауруларға шалдығасыз", - деп түсіндірді маман өзінің телеграм-каналында.
Тағы не көмектеседі?
Алексей Жито түнде тағамдардан бас тартуға көмектесетін тағы төрт кеңес берді.
• Күн тәртібін қалыпқа келтіруге тырысыңыз, ерте ұйықтаңыз;
• Стресстен арылыңыз;
• Кешке көп тамақтанбаңыз, әсіресе ұйықтар алдында екі сағат бұрын;
• Кешке тәтті және крахмалды тағамдарды жеуге болмайды.
Т. Раушанұлы