Анестезиолог Давид Кальехо ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдарға ұйықтағанда шұлық киюді ұсынды. Ол бұл ерекше тәсіл туралы 20minutos басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кальехоның сөзінше, жақсы ұйықтау үшін дене температурасын төмендету қажет.
"Шұлық кигенде табан ашық жатпайды. Ал мұндайда қан тамырлары кеңейеді. Табандағы тамырлар "толып", жылуды тезірек сыртқа шығаруға көмектеседі, сол арқылы ішкі температура төмендейді", — деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, маман ұйықтауға арналған шұлықты дұрыс таңдаудың маңызды екенін айтты. Өте тар, синтетикалық матадан тігілген шұлықтар қатты терлетіп, жайсыздық тудыруы мүмкін. Сондықтан дәрігер табиғи талшықтан жасалған, кеңдеу әрі ыңғайлы шұлықты таңдауға кеңес берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!