Сомнолог Владимир Ковальзон ұйқының қанбауына артық салмақ пен зиян әдеттер себеп болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы НСН жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, Ресейде адамдардың 77 пайызы дұрыс ұйықтамайды. Әрбір екінші адам күндіз ұйқысы келіп жүретінін және түнде жиі оянатынын айтқан. Сарапшының сөзінше, мұның басты себебі көбіне денсаулықтағы кінәратпен байланысты.
"Негізгі себеп – адам өміріндегі жайсыздық, түрлі ауыр сырқаттар. Мәселен, тісті шықырлату, қорыл, апноэ секілді мәселелер әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, шағымдардың басым бөлігі шын мәнінде ұйқының бұзылуынан емес, психологиядан туындайды", – деді Ковальзон.
Ол қатты қорыл артық салмақпен, мойынның қысқалығы және зиян әдеттермен қатар байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керегін ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz