- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер ұйқыдан тұра...
Дәрігер ұйқыдан тұра сала не істеуге болмайтынын айтты
Кардиолог Ольга Бокерия таңертең ұйқыдан тұра сала қолға телефон алуға болмайтынын айтты. Дәрігердің айтуынша, бұл табиғи процесті бұзады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман таңертең ми күні бойына дұрыс қызмет ету үшін дұрыс "жүктелуі" керегін айтты.
"Қалыпты жағдайда ол төрт кезеңнен өту керек: тета-толқыннан дельта-толқынға дейін, содан соң альфа-толқынға және бета-толқынға дейін. Бірақ сіз оған мүмкіндік бермейсіз, сіз бірден дельта-толқыннан оны бета-толқынға жібересіз", - дейді дәрігер өзінің телеграм-каналында.
Нәтижесінде, ми "қажет емес күйзеліске" шалдығады.
"Сондықтан ұйқыдан тұрғаннан соң жарты сағаттай телефон қолданбауға тырысыңыз. Бұл ұйықтар кезге де қатысты", - деп кеңес берді маман.
Ольга Бокерия спортпен айналысуға кеңес берді, ол денеге де, көңіл күйге де пайдалы.
"Сіз спортпен айналысқан кезде бұлшықеттер жиырылады да, қан қуаныш гормонын бөледі. Ми бұл белгіні қабылдайды да, біз ләззат аламыз. Сондықтан міндетті түрде спортпен айналысыңыздар", - дейді дәрігер.
Маман күніне бір сағат физикалық жүктемелерге уақыт бөлуге кеңес берді. Оның айтуынша, оны жүйелі түрде орындасаңыз, әсерді байқайсыз.
Оқи отырыңыз: Ұйқы өмірімізде қандай маңызға ие?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова