- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер үнемі алмұрт...
Дәрігер үнемі алмұрт жеудің денсаулыққа пайдасы туралы айтты
Алмұрт пайдалы қоректік заттарға бай, қабынуға қарсы әсер етеді, сонымен қатар ішек пен жүрек-қан тамырлары саулығын нығайтады. Диетолог Бет Червони бұл жемістің денсаулыққа тағы қандай пайдасы бар екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Біріншіден, алмұрт қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға және 2 типті қант диабетінің даму қаупін азайтуға көмектеседі.
Екіншіден, бір алмұрттың құрамында 20 пайыздан астам талшық бар, бұл ересек адам үшін күнделікті тұтынылуы керек мөлшер. Осының арқасында жеміс ас қорыту және ішек жұмысын жақсартып, іш қатудың алдын алады.
Үшіншіден, алмұрт құрамында флавоноидтар - антиоксиданттар бар, олар қабынуға әкеп соқтыратын жасушаның зақымдануының алдын алады. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, флавоноид қабыну, қатерлі ісік, жүрек ауруы, инсульт, деменция, бактерия, саңырауқұлақ және вирустық инфекциялар сияқты кейбір ауыр ауруларға шалдығу қаупін азайтады.
Сонымен қатар, алмұрт жүрек саулығын сақтап, оның жұмысына оң ықпал етеді. Диетологтың айтуынша, жемістегі заттар жүректің ишемиялық ауруынан қорғайды, қан қысымы мен холестеринді төмендетеді.
Айта кетейік, бұған дейін алмұрттың арықтауға көмектесетіні туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сырымның «Бала би» атану себебі неде?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә