Аллерголог иммунолог дәрігер Елена Парецкая "Доктор Питер" басылымына берген сұхбатында тұмау кезінде қандай азық-түліктерді жеуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұмау кезінде, әсіресе дене қызуы көтеріліп, мұрын бітеліп, тамақ ісінген кезде тәбет жоғалуы мүмкін. Алайда бұл тамақтан мүлде бас тарту керек деген сөз емес. Адам ағзасына дәрумендер, антиоксиданттар қажет.
Бәрін қатар жей беру де дұрыс емес. Кейбір өнімдер тезірек сауығуыңызға кедергі жасауы мүмкін. Тіпті кейбір өнімдерді тұтынған кезде негатив реакция немесе аллергия тууы мүмкін.
Пенициллин немесе тетрациклинге аллергияңыз болса, ашытқыдан жасалған заттардан, сыра мен ірімшік, ет пен құс етінен бас тарта тұрғаныңыз дұрыс. Ал егер аспиринге аллергияңыз болса, тағамдық бояғышы бар азық-түліктен, оның ішінде сары түсті тағамдардан бас тартыңыз.
Маманның сөзінше, көптеген адам тұмау кезінде ысытатын сусындармен "емделеді". Коньяк, шарап, арақ қан тамырларының кеңеюін және қан ағымының өзгеруін тудырады. Бұл өз кезегінде бас ауруына, бас сақинасының ұстауына себеп болады.
Одан бөлек, алкоголь иммундық жасушаға зиян келтіріп, ағзаны әлсіретеді. Бір аптада емделудің орнына, сауығу процесі екі-үш аптаға созылып кетуі мүмкін.
Жөтел кезінде жаңғақ жемеген дұрыс. Себебі көптеген жаңғақ калория, май мен жасұныққа бай. Ал жөтел және тұмау кезінде жаңғақ жеу дұрыс емес. Себебі оның қорытылуына ұзақ уақыт кетуі мүмкін.
Сонымен қатар, дәрігердің сөзінше, тұмау кезінде шырын, газдалған сусын ішу дұрыс емес. Дәрігерлер тұмау кезінде сұйықтық көп ішу дұрыс екенін айтады. Бірақ дұрыс сусын таңдай білу керек. Ал шырын не газдалған сусындардың құрамында пайдалы компонент, дәрумен не микроэлементтер аз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!