- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер тұқым қуалайтын...
Дәрігер тұқым қуалайтын қатерлі ісік түрлерін атады
Онколог-хирург Юлия Шубина "ФедералПресс"-ке тұқымқуалаушылық арқылы берілетін бірнеше қатерлі ісікті атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қатерлі ісік адамдарда кей орган арқылы тұқым қуалайды. Мысалы, сүт безі, аналық без, қалқанша бездің (медуллярлық) кей нақты қатерлі ісіктері және тоқ ішек қатерлі ісігінің кей түрлері тұқымқуалаушылық арқылы берілуі мүмкін", - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, егер отбасыда анасы немесе әжесі ауырса, сүт безі және аналық без қатерлі ісігінің генетикалық қаупіне анализ тапсыруға болады. Сондай-ақ сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупіне қан тапсыруға болады.
Дәрігер медуллярлық қатерлі ісіктің де отбасылық жағдайлары кездесетінін айтты.
"Мысалы, әкесі немесе атасы ауырса, кальцитонинге қан тапсыру керек. Бұл гормон қатерлі ісік фактін көрсетеді. Әзірге алдын ала оған бейімділікті анықтауға болмайды. Емді бастапқы кезеңде бастау үшін науқас өзі сақ болып, тексерістерден өтіп тұруы керек. Ішек қатерлі ісігімен де солай. Оған бейімділікті алдын ала анықтау мүмкін емес", - дейді Юлия Шубина.
Маман әсіресе, 40 жастан кейін емханадан колоноскопия өту маңызды екенін айтты. Егер ішек патологиясы бар болса, мысалы, полип болса, онда адам жылына бір рет колоноскопиядан өту керек. Егер колоноскопияда бәрі жақсы десе, онда үш жылда бір рет өтуге болады.
Оқи отырыңыз: Кең тараған 8 тұқым қуалайтын ауру
А. Жапатова