Превентивті нутрициолог Сейтжанова Ақтоты Әуелбайқызы өзінің инстаграм парақшасында циститтің белгілерін және оны қалай емдеу керегін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, жалпы анатомиялық ерекшелікке байланысты ерлерге қарағанда әйелдерде цистит 2 есе жиі кездеседі екен.
Цистит деген не?
Дәрігер Ақтоты Сейтжанованың айтуынша, егер сізде мына аталған белгілердің кемінде бесеуі бар болса, онда сізде цистит бар деген сөз:
Цистит көбіне зәр шығару жолдары инфекциясынан туындайды.
Бір қызығы, асқазан ішек жолдарында қабыну процесі бар адамдардың 30%- ында (мысалы, синдром дырявого кишечника) – міндетті түрде цистит кездеседі екен. Яғни біздің асқорыту микрофлорасы мен зәр шығару жолдарының микрофлорасы – бірдей деген сөз.
Егер адам ұзақ уақыт бойы емделмей жүре беретін болса, 55% жағдайда бүйрек ауруымен (абцесс пайда болуы, жедел респираторлы дистресс синдром, сепсис, бүйрек жетіспеушілігімен) асқынады екен.
Зәр шығару жолдарының инфекциясы диагнозын қою тек белгілермен шектелмейді. Міндетті түрде зәр анализі тапсырылады. Көбіне лейкоциттердің жоғары мөлшері және бактерия анықталып жатады. Егер осыған қоса қызу, қалтырау, белдің төменгі аймағының ауыру сезімі болса, бүйректің зақымдалғанын көрсетеді.
Сонымен қатар басқа диагноздан ажырату мақсатында физикалды тексеріс жасау, зәр себіндісі (осев мочи), цитология, КТ, калийге тест секілді басқа да диагностикалық тест қолданылады.
Инфекциялық емдеу принципі ағзаның кез келген инфекцияға қарсы тұру қабілетін күшейту болып табылады. Атап айтқанда, pH ортаны дұрыс қалыптастыру үшін бактериялардың зәр шығару жолдарына жабысып қалмауы үшін, иммунитетті нығайту үшін зәр шығаруды жиілеті мақсатында сұйықтықты көп ішу (оның ішінде таза судың мөлшері басым болуы керек), антимикробтық қасиетке ие шөп дәрілерді қолдану жатыр.
Жеміс-жидек және көкөністерден жасалған шырынды міндетті түрде таза фильтрленген сумен араластырып ішу керек. Сонымен қатар алкогольсіз сусын, кофе, алкогольден бас тартқан жөн.
Балама емдеу тәсілдеріне – биологиялық кері байланыс жатады. Бұл кезде адам зәр шығару жолы бұлшықеттерін жаттықтырады. Ине салу, остеопатия кең етек алып жатыр.
Әйелдер жыныстық қатынастан кейін дәрет алып жуынғаны жақсы.
Диетаға келетін болсақ, ұн, қант, сүт өнімдерін шектеу қажет. Тікелей әсері болмағанымен, осы тағамдарды алып тастаған кезде жақсы әсер көрсеткен.
Дәрумендер – циститтің түріне (бактериалды, бактериалды емес) қарай бөлінеді. Оның қандай түрін ішуді тек дәрігер жазып бере алады.