- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер целлюлиттің пайда...
Дәрігер целлюлиттің пайда болуына әсер ететін азық-түліктердің тізімін жасады
Гастроэнтеролог, дәрігер Евгения Мельникова целлюлит пен артық салмақпен күресу үшін мәзірден қандай өнімдерді алып тастау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru" сілтеме жасап.
Целлюлиттің пайда болуына әсер етуші фактордың бірі - диета. Целлюлит - тері астындағы шелмайдың қабынуының алдын алу үшін мына азық-түлікті тұтынбаған абзал.
Денеде майдың жиналуына ықпал ететін қандағы инсулин гормонының түзілуін ынталандыратын жылдам көмірсулар:
- шоколад;
- кәмпит;
- бал;
- тосап;
- піспенан;
- карамель;
- балмұздақ;
- қантты газдалған сусындар.
Оның орнына, қандағы инсулин деңгейін біртіндеп арттыратын, глюкозаның тұрақты деңгейін ұстап тұруға көмектесетін, ұзақ уақыт бойы тоқтық сезімін қамтамасыз ететін, энергияның күрт ауытқуын болдырмайтын баяу көмірсуларға артықшылық берген дұрыс. Мысалы:
- көкөністер;
- жаңғақтар;
- бұршақ дақылдары;
- дәнді дақылдар.
Сонымен қатар, олар дәрумен, минерал және диеталық талшықтарға бай.
Зиянды майлар - майонез, маргарин, шұжық, ірімшік, май, кілегей құрамына кіретін транс майлар. Бұл азық-түліктер тамырларға атеросклеротикалық әсер етіп, өт тастары пайда болады. Жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартып, ағзадағы қабынуды азайту үшін пайдалы майларға назар аудару қажет. Мысалы, омега-3 май қышқылдары - зығыр майы, чиа тұқымдары, күнжіт тұқымдары, жаңғақ.
Алкоголь - ең күшті тәбет ашатын өнім. Алкоголь зат алмасуды баяулатады.
Айта кетейік, бұған дейін целлюлиттен құтылуға көмектесетін жолдар хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кімдер алқаби бола алмайды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә