- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер тіс шұқығышты...
Дәрігер тіс шұқығышты қолданудың қандай зияны барын айтты
Қарапайым тіс тазалағыш ауыз қуысының саулығына үлкен зиян келтіруі мүмкін. Мамандар мұндай гигиеналық құралды қолдану қаншалық қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тіс шұқығыш тістердің арасындағы тамақ қалдықтарын кетірудің пайдалы құралы. Дегенмен, оларды дұрыс пайдаланбау орны толмас зиян келтіретінін біліп жүріңіз.
Мамандар тіс шұқығышты үнемі қолдану тіске қандай зақым тигізетінін түсіндірді.
Тіс эмалының зақымдануы. Тіс шұқығышты қолданған кезде қатты қысым жасасаңыз, оның бетіндегі қорғаныс қабатын зақымдап алуыңыз мүмкін. Бұл тістердің суық және ыстыққа сезімталдығын жоғарылатады.
Қызыл иектің зақымдануы. Тіс шұқығышты қолданған кезде қызыл иекке қатты тиіп кетсеңіз немесе дұрыс бұрышты таңдамасыңыз, қызыл иектің тіндерін тітіркендіріп алуыңыз мүмкін, ол тітіркенсе қанайды және қабынады.
Ортодонтиялық құрылымдардың орын ауыстыруы. Тіс шұқығышты шамадан тыс қолдану ортодонтиялық жүйе киіп жүрген адамға кері әсер етіп, соңы тістердің дұрыс орналаспауымен аяқталады.
Тіс тіндерінің зақымдануы. Кейбір тіс шұқығыштың ұшы өткір немесе тым қатты материалдардан жасалған, олар тістердің түбін де зақымдайды.
Бактериялық инфекция. Бір тіс шұқығышты бірнеше рет қолданған кезде ауыз қуысында инфекцияның даму қаупі артады. Тіс шұқығыш, тіс тазалауға арналған жіп сияқты, бір рет қолданылатын зат.
Дәрігерлер осындай ықтималдылығы жоғары мәселелердің алдын алу үшін тіс жібін, ауыз қуысын шаю немесе ирригаторды қолдану мүмкіндігі болмаған кезде ғана тіс шұқығышты дұрыс, баппен қолданған дұрыс екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін тіс дәрігері қандай дәмі бар тіс пастасын қолданбауға кеңес бергені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ситком деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә