Тамақтану сарапшысы, Каталония ашық университетінің медицина ғылымдары кафедрасының профессоры Ампаро Гамеро кейбір тағамдарды тоңазытқышта сақтауға болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Гамеро тоңазытқышта сақтауға болмайтын тағамдарды атады. Оның айтуынша, сарымсақты тоңазытқышқа салуға болмайды. Өйткені ол суықта тез өніп кетеді.
"Сақтау мерзімін ұзарту үшін аршылған сарымсақ түйіршіктерін зәйтүн майына батырып, тығыз жабылған шыны ыдыста сақтауға болады. Сондай-ақ оларды мұздатылған, тұтас немесе кесілген күйінде де сақтап қоюға болады, - деп түсіндірді сарапшы.
Сонымен қатар маман нанды да тоңазытқышта сақтамауға кеңес берді. Өйткені суықта ол дәмі мен құрылымын жоғалтады, ал шоколад температураның күрт өзгеруіне байланысты өзгеріп кетеді.
Гамеро сонымен қатар тоңазытқышқа піспеген банандарды салсаңыз, қатты және дәмсіз болып қалуы мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ кофені тоңазытқышта сақтауға болмайды: ол ылғалды сіңіріп, хош иісі мен дәмін жоғалтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!