Ұлыбританиялық тіс дәрігері Дипак Аулак тіл түсінің ағаруы анемия, қызамық және кандидоздың белгісі болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Daily Mail" сілтеме жасап.
Сары немесе қоңыр түсті тіл өңезі әдетте ауыз қуысында гигиена, темекі шегу, алкоголь, кофе немесе қара шай ішкеннен бактерияның шамадан тыс көп болуының көрсеткіші.
Ал тілдің күлгін реңкі жүрек ауруының белгісі болуы ықтимал.
"Сау тілдің түсі қызғылт, оның бетінде кішкентай төмпешіктер болуы керек. Егер тілдің түсі өзгерсе, ағзада қандай да бір бұзылыс немесе өзгеріс туралы ескертуі мүмкін", - деді Дипак Аулак.
Тіс дәрігерінің сөзінше, тілдегі ақ өңез оның ыстық тамақ немесе сусыннан күйіп қалғанын білдіреді. Ол сондай-ақ анемия, қызамық, лейкоплакия және кандидоз туралы да ескертуі мүмкін.
Қоңыр түсті тілдік өңезбен бірге тері немесе көз сарғайса, бұл бауыр немесе өт қабының мәселесін білдіреді. Тілдің күлгін түсі қан айналымның нашарлығын, жүрек ауруын немесе жас балалардағы қан тамырларының қабынуымен сипатталатын Кавасаки ауруын көрсетеді.
Көк түсті тілдік өңез қандағы оттегінің жетіспеушілігінен туындаған цианоздың белгісі.
Айта кетейік, бұған дейін ауызыңыздан байқауға болатын мына 3 белгі В12 дәруменінің жетіспеушілігін білдіруі мүмкін хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Наурызға байланысты қандай салт дәстүрлер бар?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!