Британиялық дәрігер Дебора Ли өкпе қатерлі ісігінің 14 пайызын темекі тартпайтын немесе өмірінде 100 темекіден аз тартқан адамдар құрайтынын айтты, - хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, темекі тартпайтын адамдардағы өкпе қатерлі ісігінің белгілеріне жөтел (кейде қан аралас), демікпе, тыныс алғанда немесе жөтелгенде ауырсыну, шаршаңқылық және түсініксіз салмақ тастау жатады.
Ал онколог Андрей Каприн науқастар онкологиялық ауруларды жиі басқа аурулармен шатастыратынын айтты.
Дәрігер бастапқы кезеңде адамдар қатерлі ісікті басқа аурулармен шатастырып, дұрыс емес әрекеттер жасайтынын ескертті: ауырсынуды басатын дәрі ішеді, моншаға немесе массажға барады, күннің көзіне жылынады. Ал бұл әрекеттер қатерлі жасушалардың жылдам өсуіне ықпал етуі мүмкін.
Дәрігер ағзаңыздың жағдайын білу үшін жүйелі тексерістерден және скринингтерден өтіп тұруға кеңес берді.
Оқи отырыңыз: Сүт безі қатерлі ісігін бастапқы стадияда қалай анықтауға болады?