Дәрігер тапшылығы қашан шешіледі? Министр жауап берді

Дәрігер тапшылығы қашан шешіледі? Министр жауап берді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігер тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қызылордада балалар гематологы мен травматолог, Жезғазғанда педиатр мен ортопед болмағандықтан, Қарағанды мен Астанаға барады екен. Ал Түркістанда жүкті әйелдердің УЗИ мәселесі ушығып тұр. Халық 2-3 айлап кезек күтпеу үшін мамандардың тапшылығы қашан шешіледі?" - деп сұрақ қойды журналист министрге.

Министрдің айтуынша, биылдың өзінде 4 мыңға жуық дәрігер дайындалып, олар жұмыспен қамтылған.

"Оның ішінде педиатор, терапевт секілді мамандар бар. Әкімшілікпен бірлесіп жұмыс істеп отырмыз. Қызылорда облысындағы гематолог дәрігерге қатысты сұрақты өзім жақсы білемін, себебі бұл облысқа барған кезде осы сұрақты көтерген болатын. Қазір балалар гематологын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Ал Түркістан облысы - үлкен аймақ. Нақты қай аудан екенін айтсаңыз дұрыс болар еді. Былтырдан бастап балалардың туабітті ахауларын алдын ала білу үшін жүзден аса ультрадыбыстық мамандарды оқытып жатырмыз. Мұндай мамандарды елімізде ғана емес, сонымен қатар, шет елде де дайындап жатырмыз", - деді министр.

Тағы да оқи отырыңыздар: Дәрігер тапшылығы қашан шешіледі? Министр жауап берді

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz