Тамақ ауырсынған кезде оны тұз немесе ас содасымен шайқау зиян болуы мүмкін. Оториноларинголог дәрігер Валерия Голубованың сөзінше, бұл расында танымал әдіс, алайда мұндай халық еміне қарсы адамдар да бар екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.
"Түрлі пікір айтылады. Тамақты мұндай емдеу әдісі зиян екенін дәлелдейтін ауқымды зерттеу жұмысын көрген емеспін. Біраз жылдық тәжірибесі бар маман ретінде айтарым, тамақты әсіресе ЖРВИ кезінде тұз немесе ас содасымен шайқауға қарсымын. Себебі мұндай әдіс жұтқыншақтың шырышты қабығын құрғатып жібереді. Ал тұзды сумен шайқасаңыз ауруды одан әрі созып жібересіз. Бұл жараға тұз сепкенмен бірдей - химиялық тітіркену болып, салдарынын ауру асқынып кетеді", - дейді маман.
Ал хирург, оториноларинголог дәрігер Екатерина Богданованың сөзінше, тамақты антисептикпен тазалау да зиян. Оның сөзінше, тамақты антисептикпен жиі тазалау дұрыс емес. Шырышты қабықтағы бактериялар керісінше, қорғау функциясын атқарады. Ал антисептикпен тазалай берсеңіз тамақтың шырышты қабығы құрғап кетеді де әлсіреп кетеді, ал адам инфекцияға осал болады.
Терапевт дәрігер Марат Фаррахов ЖРВИ кезінде тамақ ауырса жалбыз кәмпитін жеуді ұсынды. Оның сөзінше, жалбыз жағымсыз симптомдарды азайтып қана қоймай, аурумен күресуге көмектеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!