- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер тамақ қатерлі...
Дәрігер тамақ қатерлі ісігінің алдын алуға көмектесетін үш әдісті атады
Тамақ қатерлі ісігінің алдын алу үшін HPV-ге қарсы вакцина егіп, салауатты өмір салтын ұстану керек. Бұл туралы онколог Кэтрин Прайс айтты. Тамақтың қатерлі ісігі 70 пайыз жағдайда адам папилломавирусымен (HPV) байланысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
HPV вакцинациясы бас пен мойын қатерлі ісіктерінің қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Темекі шегу және алкогольді тым көп ішу HPV-мен байланысты емес тамақ ісіктің көпшілігіне жауап береді.
"Маңызды үштік: темекі шекпеу, алкогольді азайту және HPV вакцинациясы", - дейді дәрігер.
Сондай-ақ, онколог өңделген тағамдар мен тазартылған қанттарды тұтынуды азайтуға кеңес берді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сәкен Сейфуллинннің поэзиясы. Реферат
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә