Кейбір адамдар тамақ дайындау кезінде пластик тақтай пайдаланады. Америкалық дәрігер Пунама Десаи пластик тақтайдың денсаулыққа қауіп төндіретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, мұндай тақтай зиян микропластиктердің әсерін арттырады. Олар бір уақытта эндокриндік және репродуктивті жүйелерге теріс әсер ететін мыңдаған зиян зат шығарады.
Сонымен қатар, пластик тақтай бактериялардың көбеюіне ыңғайлы орта. Өйткені оларда ағаш тақтайға қарағанда бактерия көбірек.
Панама Десаи пластик тақтайды ешқашан ыдыс-аяқ жуатын машинаға салуға болмайтынын ескертті. Себебі, жоғары температурада пластик еріп, құрамындағы улы заттар басқа ыдыстарға жұғуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін пластикалық ыдыста тамақ жылыту зиян екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Ораза кезінде шомылуға бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!