- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер тамақ ауырғанда...
Дәрігер тамақ ауырғанда балмұздақ жеудің пайдасы туралы айтты
Тамақ ауырғанда балмұздақ жеу оң әсер береді. Бұл туралы жалпы тәжірибе дәрігері Сергей Алендеев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Царьград-қа" сілтеме жасап.
"Балмұздақ қабынған тіндердің қызуын төмендетіп, аурудың таралуына жол бермейді. Мұнда балмұздақ анестезия секілді жұмыс істейді", - деді ол.
Сарапшының айтуынша, мұндай әсер балмұздақтан ғана емес, тоңазытқыштағы кез келген өнімнен болады. Сондықтан тамағы ауырып жүрген адам ыстық және ащы тағам жемегені абзал.
Дегенмен дәрігер балмұздақ ауруды емдемейтінін, тек ауырсынуды уақытша басатынын жеткізді. Ал дұрыс ем алу үшін маман кеңесін алу керек.
Айта кетейік, бұған дейін ангинаны қалай емдеу керегі хабарланған болатын
Ангинаны емдеу кезінде 3-5 күн төсек режимін сақтау, көбірек су ішу және тамақты зақымдамайтын тағамдар жеу ұсынылады. Мысалы: пюре, ботқа, сорпа, жылы сүт.
Сұйықтық ағзаны токсиндерден жақсы тазартады, сондықтан ангина кезінде таңқурай, лимон, жалбыз қосылған шай, компот және басқа да құрамында газы жоқ жылы сусындар ішу керек.
Тек тамақты шаю арқылы ангинаны емдеу мүмкін емес. Бірақ тамақ шаю тамақ ауырғанын жеңілдетуге көмектеседі. Сондықтан тамақты түймедақ тұнбасымен, тұз және ас содасымен шаюға болады. Сондай-ақ дәріханаларда тамақтың ауырғанын басатын түрлі спрейлер сатылады.
Тағы да оқи отырыңыздар: 2024 жыл Шығыс күнтізбесі бойынша қандай жыл?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә