Дәрігер сүйісу арқылы қандай аурулар жұғатынын айтты

Дәрігер сүйісу арқылы қандай аурулар жұғатынын айтты
Фото: "Унесенные ветром" фильмінің кадры

Сүйісу арқылы кейбір аурулар жұғуы мүмкін. Бұл туралы "Газета.Ru" басылымына инфекционист дәрігер Татьяна Когут айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының сөзінше, сүйісу кезінде 80 миллион бактерия тарайды. Оның ішінде 20 пайызы ерекше, яғни әр адамның аузында жеке микробиомы болады. Сүйісу кезінде сілекей алмасу процесінде серіктестер бір-бірінің шетелдік бактерияларына антиденелер түзеді және ол кросс-иммундау деп аталады.

Сонымен қатар, сүйісу процесінде окситоцин - бақыт гормоны көп мөлшерде бөлінеді. Бұл көңіл-күйге әсер етеді, сонымен қатар, стресс гормоны - кортизол деңгейін азайтады. Осылайша, дененің қорғаныс қабілетін арттырады.

Дәрігердің сөзінше, сүйісу кезінде ауру жұқтырып алу қаупі де бар. Оның ішінде ең көп тарайтыны - герпес вирусы. Сонымен қатар, сүйісу арқылы инфекциялық мононуклеоз да берілуі мүмкін. 

Татьяна Когуттың айтуынша, сүйіс арқылы ауа тамшылары арқылы таралатын барлық инфекция берілуі мүмкін. Оларға тұмау, COVID-19, аденовирустық инфекция және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялар жатады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz