Дәрігер су қандай жағдайда адамға зиян келтіруі мүмкін екенін айтты

Әдетте су мықты денсаулықпен ұқсастырылады: қарама-қарсы душ қан тамырларды қатайтады, таза су ішу ағзаны тазартады және т.б. Ал ол зиян болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа "Аif.ru"-ге терапевт Наталья Черемухина жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су - Жердегі өмірдің көзі. Адам сумен жуынғанда, күні бойы жиналған шаң мен ластықты шайып тастағанда жеңілдеп қалады, ыстық ауа райында ылғалдандырады, босаңсуға көмектеседі. Оның еш зияны жоқ секілді көрінеді. Алайда дәрігерлер су да зиян болуы мүмкін екенін айтады.

Қарама-қарсы душ

Қарама-қарсы душ - ағзаны шынықтырудың кең тараған әдісі. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, температуралардың ауысуы кезінде дененің қорғаныш жасушалары - лимфоциттер өңделеді және ағзаның иммунды күштері жақсарады. Осының есебінен дененің инфекцияларға қарсы тұруы артады және жалпы ағза қатаяды.

Сондай-ақ ыстық су мен суық су кезекпен-кезек тіндердегі қанайналымды және органдарға қанның құйылуын жақсартады. 

Қарамса-қарсы душ - сергудің және жүйке жүйесін іске қосудың жақсы әдісі. Сол үшін де оны таңертең жасайды.

Десе де, артықшылықтарына қарамастан оны абайлап орындау қажет. Су температурасының бірден өзгеруі жүрекке күш түсіруі немесе жоғары артериялық қысымның себебі болуы мүмкін. 

Суды шамадан көп ішу

Суды жеткілікті мөлшерде ішу керегін барлық адам естіген болар?! Себебі су ағзаның қалыпты қызмет етуіне аса қажет, алайда оны шамадан көп ішу қауіпті салдарларға әкелуі мүмкін. Мысалы, сұйықтықты өте көп ішу электролитті тепе-теңдікті бұзады, ал ол қандағы натрий деңгейінің түсуіне және ми жасушаларының ісінуіне әкеледі. Оған қоса, бүйректер қарқынды жұмыс істеуге мәжбүр болады. 

Жеткілікті су ішу керек. Алайда оны дұрыс ішу маңызды. Мысалы, 2 литр суды бірден іше салмай, күні бойына аз-аздан ішу керек.

Минералды суды көп ішу

Минералды су адам ағзасына пайдалы. Себебі оның құрамында әртүрлі минералдар көп. Алайда оны да көп ішу жағымсыз салдарларға әкеледі. 

Қанда минералды заттардың көп болуы бүйректе тастардың түзілуіне ықпал етуі мүмкін, қышқылды-сілтілік тепе-теңдік бұзылады, асқорыту проблемалары пайда болады. Кей минералды сулардағы натрийдің көптігі артериялық қысымды және жүрек-қан тамырлар ауруларының қаупін арттыруы мүмкін.

Су көп жағдайда пайдалы болғанымен, оны қолдануда және тұтынуда тепе-теңдік сақтау маңызды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!