Күшті, майлы сорпаларды күн сайын ішпеген жөн, өйткені олар ас қорыту жүйесіне түсетін жүктемені арттырып, асқазан-ішек жолдарының теңгерімсіздігіне әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты және дұрыс тамақтану туралы кітаптардың авторы Марина Копытко айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый каналға" сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мұндай сорпаларда калория және май мөлшері жоғары.
Сонымен қатар, дәрігер майға қуырылған сорпаларды сақтықпен тұтынуға кеңес берді, өйткені бұл ағзаға ешқандай пайда әкелмейді және тағамдағы калория мен майдың мөлшерін едәуір арттырады. Сарапшы мұндай сорпалар гастрит, панкреатит және басқалар сияқты асқазан-ішек аурулары бар адамдардың әл-ауқатына теріс әсер етуі мүмкін екенін ескертті.
Оған қоса, Марина Копытко сорпаларды ұзақ термиялық өңдеуге кеңес бермейді, бұлай көкөністердегі дәрумен мен микроэлементтер жоғалады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда қанша бойдақ жігіт бар?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз