• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Дәрігер шайдың бір тәуліктегі қауіпсіз мөлшерін атады

Дәрігер шайдың бір тәуліктегі қауіпсіз мөлшерін атады
Фото: depositphotos.com

Диетолог және балалар эндокринологы Дарья Хайкина шай ішу нормасы оның түріне, концентрациясына және адамның денсаулығына байланысты әртүрлі болатынын айтты. Дәрігер бұл сусынның адам ағзасына тәулігіне рұқсат етілетін қауіпсіз мөлшерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Маман шайдың адам ағзасына әсері жайлы бөлісті. Дәрігердің сөзінше шайды бей-берекет іше беруге болмайды. 

Шайды қанша мөлшерде ішуге болады?

  • Қара және жасыл шай – күніне 3-5 кесе (600-900 мл) ішуге болады.
  • Ақ және оолонг шайлары – құрамындағы кофеин мөлшері төмен болғандықтан, күніне 6 кесе (1,2 литр) ішуге рұқсат.
  • Шөп шайлары – құрамына байланысты нормасы әртүрлі. Түймедақ шайын шектеусіз ішуге болады, ал жалбыз шайын аз мөлшерде тұтынған жөн, өйткені ол қан қысымын төмендетуі мүмкін.

Шайды шамадан тыс тұтынудың қаупі

  • Кофеиннің көптігі ұйқысыздық пен мазасыздық тудыруы мүмкін.
    Мысалы, күшті қара шайда 90 мг кофеин бар, ал бір кесе эспрессода 80 мг кофеин болады.
  • Шай темір тапшылығына әкелуі мүмкін.
    Оның құрамындағы таниндер темірдің сіңуіне кедергі келтіреді. Сондықтан шайды тамақтан кейін бірден ішпей, бірнеше сағаттан кейін ішу ұсынылады.

Шамадан тыс шай ішу бүйрекке зиян келтіруі мүмкін

Сондай-ақ дәрігер шайды шамадан тыс ішу бүйректің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін дейді. 

"Шай құрамындағы кейбір заттар бүйректе тас түзілуіне себеп болуы мүмкін, сондықтан бүйрек ауруы бар адамдарға әсіресе жасыл шайдан бас тартқан жөн" деп қосты маман. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Литпин