- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер шаштың түсіп...
Дәрігер шаштың түсіп қалуына әкелетін факторларды атады
Шаштың түсуі бірден бірнеше фактормен байланысты болуы мүмкін. Трихолог Марина Гайдайчук "Известия"-ға тақыр бас болуға әкелетін факторларды атады.
"Шаштың түсіп қалуының кең тараған себептеріне дұрыс тамақтанбау, созылмалы ұйқысыздық, гормонды тепе-теңсіздік, күйзеліс, кей аурулардың асқынуы және нақты дәрі-дәрмектің қосымша әсері жатады. Егер шашыңыз түсе бастағанын, ал көлемі 1-3 айда визуалды түрде азайғанын байқасаңыз, дәрігерге қаралу керек. Бұл уақытты өткізіп алмаңыз және проблеманы ушықтырып жібермес үшін өз бетінше емделмеңіз", - дейді маман.
Дәрігер бұл проблеманың белгілері бас терісіндегі белгілерден басталатынын айтты. Бұл ағзаның ішкі проблемасы және күтім құралдарының компоненттерін көтере алмау маркері болуы мүмкін. Егер шашыңыз түсе бастаса, дәрігерге қаралғаннан кейін нақты терапия беріледі, сондай-ақ трихолог науқасты қосымша тексеріске жібереді: гинеколог, эндокринолог, диетолог, невролог немесе тіпті психиатр.
"Бастың шашы бар бөлігіне дұрыс күтім жасасаңыз, шаш жылтырап тұрады, шаш құрылымын ауырлатпайды, шаштың түсуін ынталандырмайды, теріні жақсы шаяды, бірақ оны құрғатпайды. Күтімді бас терісі – ең бірінші ұқыптылық белгісі. Сондай-ақ күнде шаш үлгісін жасайтын болсаңыз, ұйықтар кезде бас жуу керек. Шашқа арналған құралдармен бірнеше күн жүруге болмайды: ол қайызғақтың пайда болуына және шаштың түсуіне әкелуі мүмкін", - деді ол.
Оқи отырыңыз: Шаш күтімі: түнгі маскалар
А. Жапатова