• 489.59
  • 490.7
  • 5.67

Дәрігер іш қатуы кезінде қолданылатын ең тиімді әдісті атады

Дәрігер іш қатуы кезінде қолданылатын ең тиімді әдісті атады
Фото: depositphotos.com

Іш қатуын емдеудің тиімді әдісі белгілі болды. Бұл туралы терапевт және гастроэнтеролог Анастасия Тертышная түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Тертышнаяның айтуынша, дәретханаға күнде барсаңыз да, қиындық сезілсе, онда сізде іш қатуымен мәселе бар деген сөз. Мұндай жағдайда диетаны түзетуден бастап, дәрі қабылдауға дейін кешенді түрде емдеу шараларын жүргізу керек. 

Іш қатуды емдеу және алдын алу үшін дәрігер талшықтарға бай тағамдарды көбірек жеуге кеңес берді: жемістер, көкөністер, бұршақ дақылдары, тұтас дәндер және киви. Сондай-ақ жеткілікті су ішу және суда еритін диеталық талшық псиллийді қабылдау маңызды.

Сонымен қатар Тертышная ішек жұмысын ынталандыру үшін физикалық белсенділікті және дәретханаға баруды жеңілдету үшін үнемі жеңіл жаттығу жасау керек деп кеңес берді. 

"Тамақтанғаннан кейін дәретханаға жеңіл бару үшін әуелі сол нәрсеге ден қойыңыз. Ол үшін аяғыңызды тіреуішке тіреп, ішектің қозғалысын жеңілдету үшін қолмен массаж жасаңыз", - деп кеңес берді ол.

Дәрі-дәрмек терапиясына дәрігердің айтуынша, глицеринді суппозиторийлер және іш жүргізетін дәрілерді қолдану кіреді. Кейде стимуляторларды және басқа да іш жүргізетін заттарды қолдануға да болады. 

"Іш қатуды емдеу бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Дәрі-дәрмектерді де ұзақ уақытқа дейін қолдануға болады. Бұл ағзаға еш қауіп төндірмейді. Іш жүргізетін дәрілерден қорықпаңыз, керісінше, ішіңіздің жүрмеуінен қорқыңыз", - деп қорытындылады гастроэнтеролог.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Литпин