Дәрігер іш ауырғанда мүлдем істеуге болмайтын 3 нәрсені айтты

Дәрігер іш ауырғанда мүлдем істеуге болмайтын 3 нәрсені айтты
Фото: ru.freepik.com

Терапевт Надежда Чернышова Аif.ru-ге іш ауырғанда не істеуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер іш ауырғанда ауырсынуды басатын дәрілер ішуге болмайтынын ескертті.

"Біріншіден, іш ауырғанда ауырсынуды басатын дәрілер ішпеңіз. Екіншіден, ішке ыстық нәрсе баспаңыз. Үшіншіден, өздігінен емделмеңіз, дәрігерге қаралыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз", - деді дәрігер.

Надежда Чернышова ауырсынуды ішетін дәрілер диагноз қоюға кедергі келтіретінін айтты. Науқас дәріден соң ішінің ауырғаны кетті деп ойлайды, алайда перитонит дамып жатқан болуы мүмкін. 

"Дәрігер ішіңізді басып қарағанда сіздің реакцияңызға қарайды. Егер ол айқын болса, ол жерде қабыну бар. Яғни ауырсынуды басатын дәрі дәрігерді жаңылыстырады", - дейді терапевт.

Ал ішке ыстық нәрсе басу қанайналымды арттырады және іріңді қабынудың дамуын жылдамдатады.

"Ішке басатын ыстық нәрселер ағзадағы қабыну процесін тез дамытуы және асқынуларға тезірек әкелуі мүмкін. Сондай-ақ ішке ыстық нәрсе басу шынымен де ауырсынуды басады, сондықтан адам уақыт жоғалтады", - деді Чернышова.

Дәрігер іш ауырғанда жылдам дәрігерге қаралуға кеңес берді. Ол қолымен ішіңізді ұстап көруі және сізден басқа не мазалайтынын сұрауы керек.

Оқи отырыңыз: Іш неге түйіліп ауырады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова