- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер саусақтың ұйып...
Дәрігер саусақтың ұйып қалуының 5 себебін атады
Кейбір адамдар саусақтың ұюынан зардап шегеді. Ол түнде ғана алаңдатуы мүмкін, бірақ оның күштілігі сонша, адам оянуға мәжбүр болады. Жағымсыз сезімнен құтылу үшін қолын ысқылай бастайды, жұдырығын жұмып, ашады.
Мұның болуының көптеген себептері болуы мүмкін. Эндокринолог Алексей Жито саусақтың неге ұйып қала беретінін айтып берді.
Анемия
Бұл қандағы эритроциттердің немесе гемоглобиннің мөлшері төмендейтін аурулардың тұтас тобы. Мұндай кезде қан ағзаны тұтас оттегімен қамтамасыз етіп үлгермейді. Соның салдарынан саусақ ашиды немесе ұйып қалады.
Жүрек және қан тамырларының патологиялары
Жүрек-тамыр аурулары да саусақтардағы ұюына әкелуі мүмкін. Мысалы, аяқтағы тамырлардың атеросклерозы саусақтың ұйып қалуына себепші болады.
"Мұндай аурудан қан айналымы бұзылады, оның ішінде қолдадың да қан айналымы бұзылып нәтижесінде саусаққа қан дұрыс бармайды, бұл олардың жансыздануына әкеледі", - деп түсіндіреді эндокринолог.
Эндокриндік бұзылулар
Бұл адамның ұйқысыздықтан зардап шегетін тағы бір кең таралған себебі. Мұндайда дәрігерлер келесі ауруларды анықтай алады:
- гипотиреоз;
- қант диабеті.
"Мен осы ауруларға шалдыққан науқастардан саусақтары ұйып қалады деген шағымдарды жиі естимін", - дейді Алексей Жито.
Авитаминоз
Белгілі бір дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігімен байланысты бұл құбылыс ұйқысыздық тудыруы мүмкін.
Симптомдардың ішінде - летаргия, шаршау, ұйқышылдық бар. Шаш та түсуі мүмкін, тырнақтар сынып, тері құрғайды. Адам суық тиюмен оңай ауырады, жиі аурып, ұзақ уақыт жазылмайды.
Егер сіз осындай белгілерден зардап шегетін болсаңыз, онда терапевтпен кеңесу керек, әсіресе ағза әлсізденгенін көктемде түсінсеңіз. Өзіңізге дәрумендер мен диеталық қоспаларды тағайындаудың қажеті жоқ, өйткені ілеспелі аурулар ауырлатуы мүмкін.
Инсультке дейінгі күй
Бұл жағдайда ұйқышылдық қатты бас ауруымен бірге жүреді, қан қысымы айтарлықтай көтеріледі.
"Ұю - өте ауыр симптом, оны елемеуге болмайды. Көбінесе бұл жағдай миокард инфарктісінің хабаршысы болуы мүмкін", - дейді дәрігер.
Егер сіз саусағыңызды абайсызда соғып алмаған болсаңыз немесе басқадай соққы болмаса бәрақ сонда да жиі ұйып қалса, мұны елемей қоюға болмайды. Тезірек медициналық көмекке жүгініңіз", - дейді маман.
Айта кетейік, бұған дейін
Т. Раушанұлы