- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер Салтанат Байқошқарова...
Дәрігер Салтанат Байқошқарова бір жыл ішінде балалы бола алмаған жұптар не істеуі керегін айтты
Профессор, репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарова бір жыл ішінде балалы бола алмаған жұптар не істеуі керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы профессор "Момский әңгіме" YouTube-подкасында айтты.
"Үйленгеннен кейін бір жылдың ішінде бала көтермесе репродуктолог дәрігерге бару керек. Жай гинекологқа, перзентханадағы акушер-гинекологқа емес. Гинекологияда 5-6 тармақ бар. Ең үлкен сала - бала туғызатын перзентхана. Олар нағыз акушерліктің мамандары. Олар біздің саланы білмейді. Жалпы базалық білімі бар. Бірақ әр саланың дамытып оқытатын, білім дамыту курстары көп. Екінші бір тармақ - операция жасайтын гинекологтар, олар да біздің саланы білмейді. Одан кейін УДЗ жасайтын сарапшылар бар. Одан кейін жалпы гинекологтар бар. Одан кейін репродуктологтар - олар таза бедеулікті зерттеп, емдейтін заманауи көзқарасы бар мамандар.
Сондықтан бір жыл көтермеген жас келіншектер репродуктологқа барса, ол тез арада өзі көтеруі мүмкін", - дейді маман.
Салтанат Байқошқарованың сөзінше, бұл 35 жасқа дейінгілерге қатысты. Ал 35 жастан кейін бала босанғысы келетіндер үйленгеннен кейін тек 6 ай күтуі керек.
"Егер 6 айдың ішінде көтермесе тезірек баруы керек (репродуктологқа-еск.). Себебі 35 жастан кейін бала көтеру мүмкіндігі күрт төмендейді. Кейбір жағдайда ғана амал жоқ ЭКО-ға жүгінеміз", - дейді профессор.
Еске салайық, бұған дейін репродуктолог дәрігер Әйгерім Темірханқызы Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында ЭКО жасатуға қатысты маңызды сұрақтарға жауап берген болатын.
Маман "ЭКО-ны жасатуға шешім қабылдаған отбасы ең алдымен нені білуі керек? Процесс қалай жүреді? ЭКО арқылы өмірге келген бала табиғи жолмен өмірге келген баладан айырмашылық бола ма? Оларда қандай да бір ерекшелік бола ма? Бір әйел ЭКО-ны қанша рет жасата алады" деген секілді сұрақтарға жауап берген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина