Гастроэнтеролог Рүстем Садықов салмақ тастауға аз тамақтану мен спортпен айналысу көмектеспесе, эндокринолог кеңесін алған жөн екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru" сілтеме жасап.
Қалқанша безінің аурулары салмақ тастауға айтарлықтай кедергі келтіреді. Инсулинге сезімталдықтың төмендеуі салмақ қосуға ықпал етіп, артық салмақтан арылуға жол бермейді.
Кейде май жасушалары шығаратын лептин салмақтың төмендемеуіне әсер етіп, созылмалы стресс, мысалы, мидың осы гормонға сезімталдығын төмендетеді, бұл тәбеттің артуына және қанықтылық сезімін нашар сезінуге әкеп соқтырады.
Ал тестостерон тапшылығы метаболизмнің баяулауына, бұлшықет массасының төмендеуіне, салдарынан артық салмақтың жиналуына әкеледі. Әйелдердегі жыныстық гормондардың тепе-теңдігінің бұзылуы безеуді көбейтеді, ісінуді тудырады және май массасын жоғарылатады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жігіттерге 7 мамырға не сыйлауға болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз