- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер сағызды неге...
Дәрігер сағызды неге үш минуттан артық шайнауға болмайтынын айтты
Сағызды үнемі 3 минуттан артық шайнау гастрит, асқазан эрозиясы, тістердің орнынан жылжуы және тамақты дұрыс тістей алмау секілді бірқатар ауруға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы стоматолог-терапевт Елена Мартынова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.ру-ға" сілтеме жасап.
Оның айтуынша, сағыз жеуге жарамсыз резеңке негізден, дәм мен хош иісті тәттілендіргіштерден тұрады. Адам сағызды шайнаған кезінде оның көлемі кішіреймейді, ал құрамындағы толтырғыштар еріп, жойыла береді.
Көбінесе тәттілендіргіш ретінде қамыс және қызылша қанты, жүгері сиропы қолданылады. Қант қосылған сағыз тіс жегісін тудыратын микроағзаның көбеюіне ықпал ететіндіктен, өте зиян саналады. Сондықтан сағыз таңдағанда құрамында ксилит, стевия және басқа тәттілендіргіштері бар түрін таңдау оңтайлы шешім болады.
"Адам сағыз шайнаған кезде сілекей бөлінісі күрт өседі, өйткені ми оны тамақ ретінде қабылдайды. Сондықтан егер сағыз үш минуттан астам шайналса, тұз қышқылы мен асқазан сөлі рефлекторлы түрде көп мөлшерде бөлінеді", - деді Елена Мартынова.
Егер адам сағызды жиі шайнайтын болса, онда бұл қышқылдықтың жоғарылауының, гастрит пен асқазан эрозиясының қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан оны таңертең аш қарынға немесе күндіз аш кезде шайнауға болмайды.
Сонымен қатар, дәрігер, құрамында қанты жоқ сағызды тым көп шайнау ас қорыту жүйесінің жұмысын бұзуы мүмкін, бұл тәттілендіргіштердің жанама әсері. Ал мигреньге шалдыққан адамдарда сағыз шайнау басты ауыртады.
Айта кетейік, бұған дейін сағызды қай уақытта шайнаған дұрыс екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алтын Орда құлап, Ақ Орданың әлсiреуi барысында қандай мемлекет құрылды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә