- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер сағыз шайнаудың...
Дәрігер сағыз шайнаудың күтпеген қаупі туралы ескертті
Гастроэнтеролог Ари Ламет пен педиатр Керри Фроммер Файрстейн күтпеген қауіп туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Fox News" сілтеме жасап.
Дәрігерлер көптеген адам үшін сағыздың қаупі жоқ екенін айтты. Ари Ламеттің айтуынша, сағыз ішекке түссе де, ол қорытылмай, бір күн ішінде ағзадан шығарылады.
Алайда, кейбір жағдайларда, сағыз ішек өтімсіздігін тудыруы мүмкін.
"Егер сіз асқазан-ішек жолына операция жасаған болсаңыз немесе ол бұрын бітеліп қалса, сағызды жұтудан аулақ болған жөн", - деп кеңес берді гастроэнтеролог.
Ал педиатр Керри Фроммер Файрстейн адам сағызды жиі жұтатын болса, қауіп те пайда болатыны қосты.
Сонымен қатар, оның сөзінше бұл әдет артық ауаның әсерінен ішектің кебуі мен ыңғайсыздығын тудыруы мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә