- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер парацетамолдың өлімге...
Дәрігер парацетамолдың өлімге әкеп соқтыратын қаупі туралы ескертті
Қазір Қазақстанның кез келген дәріханасынан "парацетамолды" оңай табуға болады. Басқа дәрі-дәрмектер сияқты бұл дәрінің де ағзаға жанама әсері бар. Дәрігер Дебора Лидің айтуынша, парацетамолды қабылдайтын кейбір адамдардың ішек жұмысында өзгеріс болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі express.co-ға сілтеме жасап.
Диарея және іш қату
Маман мәліметінше, танымал дәрінің жанама әсері болып саналатын диарея мен іш қату препаратты қолданушылардың 1-10 пайызында кездеседі.
"Сонымен қатар, пайдаланушылар іштің ауруы, жүрек айнуы, құсу және асқазанның бүруіне шағымданады", - деді дәрігер.
Бір қуантарлығы, рұқсат етілген доза сақталған жағдайда, парацетамол жанама әсерді сирек тудырады. Білмеген болсаңыз, стандартты порция 24 сағат ішінде 500 мг парацетамолдың 1 немесе 2 таблеткасын ішуге болады.
Дәрігер аурудың бетін тезірек қайтару үшін бірнеше таблетканы бірден ішу өте қауіпті, деп ескертті.
"Бірнеше артық таблетка тіпті өлімге әкелуі мүмкін", - дейді Дебора Ли.
Егер сіз дәріні тым көп қабылдасаңыз, сізде бауыр жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін, ал бұл дәретханада сезілетін мәселеге алып келеді.
Балшық түсті нәжіс
Дәрігер парацетамолдың артық дозасы теріні және көздің ағын сарғайтуы мүмкін екенін түсіндірді. Оған қоса, ол түсі балшыққа ұқсайтын ашық, сұр не ақ болып көрінетін нәжіске де әсер етеді. Дәрігер мұндай белгілер әдетте парацетамолдың дозасы артық қабылданғаннан кейін бірнеше күн ішінде пайда болатынын айтты.
Қара түсті нәжіс
Екінші, парацетамолға қатысты тағы бір мәселе - мелена.
"Мелена - сирек болса да, парацетамолды үнемі қолданатындарда байқалатын қара, шайырлы нәжіс. Нәжіске асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінде (әдетте өңеш немесе асқазанда) пайда болатын қан араласады, қызыл қан ішек арқылы өткенде өзіне тән қара түске өзгеретіндіктен, нәжіс қара болып көрінеді", - деді маман.
Дәрігер егер танымал ауырсынуды басатын дәрі қабылдаған кезде ішектің жұмысындағы өзгерістерді байқасаңыз, оны қабылдауды тоқтатуыңыз керек, деп кеңес берді.
"Егер нәжістің түсі қара болса немесе қызыл қанды көрсеңіз, бұл туралы дереу дәрігерге хабарлаңыз. Себебі мелена шұғыл медициналық көмекті қажет етеді", - деп ұсынды ол.
Айта кетейік, бұған дейін дәретханада байқалатын өлімге әкелуі мүмкін қатерлі ісіктің 3 белгісі туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Фермент деген не? Ферменттердің әсер ету механизмі қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә