Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы ораза кезінде қандай шырын ішкен пайдалы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер бұл туралы өзінің инстаграм-парақшасында жазды.
Айжан Қалдыбекқызы ораза кезінде балдыркөк шырынын ішуге кеңес берді.
"Ораза кезінде бауырға, асқорыту жүйесінің уыттардан оңай арылуына, ағзаның детокстан тез әрі жеңіл өтуіне көмектесетін балдыркөк (сельдерей) шырынының рецептімен бөлісемін. Ең алдымен балдыркөкті жақсылап жуып алып, орташа бөліктерге бөлеміз. Содан соң оны шырын сығатын құралға салып, оның шырынын аламыз. Дәміне қарай лимон суын қосып ішсеңіздер болады", - дейді Айжан Қалдыбекқызы.
Маман бұл шырынның адам ағзасына пайдасы жайлы айта кетті.
"Балдыркөк шырынының пайдасы неде? Ол қанайналымды жақсартады, оның сүйек құрылысына, асқорыту жұмысының жақсаруына, ағзадағы қабыну процестерін төмендетуге маңызы зор. Сондай-ақ ол қандағы қант деңгейін бірқалыпты ұстауға көмектеседі", - дейді ол.
Оқи отырыңыз: Ораза ұстағанда ескеретін жайттар. Дәрігер кеңесі